logo

Tugan Jer Tolgauy

logo
الكلمات
Lyricist : Абдрахман Асылбек

Composer : Хожаназар Арлен Махсудулы

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?

Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?

Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,

Қайтадан бір қарайыншы анықтап.

Бір кездері секілді еді алып тау,

Биік төбе аласарып қалыпты-ау.

Басындағы әз бабамның бейітін,

Енді бүгін қиын боп тұр анықтау.

Көрген сайын көңіл кірі аршылар,

Әркімнің-ақ туған жері бар шығар.

Бірақ, маған сенсіз әлем тар шығар,

Сағынышым ыстық жас боп тамшылар.

Туған жерім – сағынышым сарғайған,

Құстай ұшып келем саған шалғайдан.

Жібек желің еркелетіп, елітіп,

Жылы леппен сүйіп жатыр маңдайдан.

Шынымен-ақ кеткенім бе шарықтап?

Жас балаша тұрмын ба әлде шалықтап?

Көз алдымды мұнарлады-ау ыстық жас,

Қайтадан бір қарайыншы анықтап.

Tugan Jer Tolgauy لـ dudeontheguitar/Monro - الكلمات والمقاطع