Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер ай
Желіге асау құлын байлаған жер ау
Көзіме от жалындай көрінді ай ауу
Тебісіп, құлын тайдай ойнаған жер ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз ай!
Бұл өлке біздің ауыл күздеген жер ау
Қаракөз бойын сылап, түзеген жер ау
Көзіме от жалындай көрінеді ай ауу
Қолаң шаш уәдесін үзбеген жер ай!
Ей, ахау, сабаз!
Ұшырдым ұясынан балапан қаз ай!
Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер ай