huatong
huatong
--cover-image

Күрсінбе

Ғаділбек Жаңайhuatong
༄✮᭄𝑱𝒂𝒔࿐huatong
الكلمات
التسجيلات
Күндер қайда кешегі өткен,

Нұрға бөлеп таңымды.

Жаным неге, не себептен,

Тағдыр жолы тарылды?

Келсе-дағы неше көктем,

Гүлге орамас бағымды.

Мұңға айналған осы елеспен,

Жұбатамын жанымды.

Өзге жанның қолындағы

Мен ұнатқан гүлсің бе?

Мөлдір мұңды жаныңдағы

Мендей ұғып білсін бе?

Сол сезімді, сол әнімді

Есте сақтап жүрсің бе?

Өткінші өмір оның бәрі

Күрсінбе сен, күрсінбе.

Сен де мені сағындың ба

Шыныңды айтшы шырайлым?

Тағдырыңа бағындың ба

Бақытты боп мұңайдың.

Сені аңсаудан арылдым ба

мені қойшы, шыдаймын.

Бөленсе деп жаның нұрға

Бақытыңды сұраймын.

Өзге жанның қолындағы

Мен ұнатқан гүлсің бе?

Мөлдір мұңды жаныңдағы

Мендей ұғып білсін бе?

Сол сезімді, әнімді әлі

Есте сақтап жүрсің бе?

Өткінші өмір оның бәрі

Күрсінбе сен, күрсінбе.

Өзге жанның қолындағы

Мен ұнатқан гүлсің бе?

Мөлдір мұңды жаныңдағы

Мендей ұғып білсін бе?

Сол сезімді, әнімді әлі

Есте сақтап жүрсің бе?

Өткінші өмір оның бәрі

Күрсінбе сен, күрсінбе.

Өткіншіғой оның бәрі

Күрсінбе тек, күрсінбе.

المزيد من Ғаділбек Жаңай

عرض الجميعlogo