huatong
huatong
avatar

Сен келерсің бір күні (cover)

Qarakesekhuatong
⏤͟͟͞͞🤍𝙅𝘼𝙎➤huatong
الكلمات
التسجيلات
Сен келерсің бір күні

Маған қымбат сый қылып

Жер бетінде күлкіні

Жанарыңа сыйдырып

Таң да арайлы атқанда

Бәлкім түсте, кешқұрым

Оттай жанған шақтарда

Құштарлықты кеш күнім.

Сағынышым сенгісіз,

Шала шабыт жыр түрі.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні бір күні

Сенсіз жалғыз жабықтым,

Бақыт жүзін жасырып.

Түндер есік қағып тұр,

Жұлдыздары шашылып.

Арманға асық ғаламда,

Үміт алдай қарады.

Саған ғашық санамда,

Сәуле қалмай барады.

Сағынышым сенгісіз,

Шала шабыт жыр түрі.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні бір күні бір күні

Сағынышым сенгісіз,

Шала шабыт жыр түрі.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні.

Қайдан, қашан белгісіз,

Сен келерсің бір күні бір күні бір күні

المزيد من Qarakesek

عرض الجميعlogo