huatong
huatong
الكلمات
التسجيلات
Бейнеңді сенің тіріліп Да Винчи келіп салғандай

Ұйықтай алмай көз іліп армандай бердім армандай

Мүсінің сенің бір мінсіз Огюсттың өзі соққандай

Іштегі алау өзіңсіз қалар ма дедім шоқтанбай

Бақыт

Өзіңді танып білгенім бе?

Қасыңда әркез жүргенім бе?

Шынайы қарап күлгенің бе?

Бақыт бақыт

Не екенін мен бұрын мүлде

Сезінмек түгілі білмедім де

Шынымен маған сездірдің бе?

Бақыт бақыт

Шын емес жай бір елессің көңілім іздеп таба алмас

Сен маған биік белессің Гагарин тіпті ала алмас

Мен Гюстаф Эйфель болар ем орныңды сенің басар кім?

Ескерткіш қылып қояр ем атыңның сенің бас әрпін

Бір үміт беріп қал енді

Махаббат маған керегі

Уайымым келіп алғанда

Үнсіздік оны демеді

Шарлап мен сендегі әлемді

Магеллан болғым келеді

Бақыт

Өзіңді танып білгенім бе?

Қасыңда әркез жүргенім бе?

Шынайы қарап күлгенің бе?

Бақыт бақыт

Не екенін мен бұрын мүлде

Сезінмек түгілі білмедім де

Шынымен маған сездірдің бе?

Бақыт бақыт

المزيد من Жугунусов Мирас

عرض الجميعlogo