menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Арысым (Ержан Серикбаев)

🇰🇿 kausar013🇰🇿huatong
🇰🇿Kausar013🇰🇿huatong
লিরিক্স
রেকর্ডিং
О менің Арысым

Көненің бізге қалған көзі едің

Бойына жайғастым

Өрімдей өзің аттас өзеннің

Өзіңдей туған жер

Еш кімде жоқ екенін сеземін

Өзіңді сағынып

Өртеніп бара жатыр өзегім

Әркімнің айналған панасына

Туған жер тұрады санасында

Қала бар Арыс деп аталатын

Арыстың жағасында

Арысым тербеген тал бесігім

Киелі күймесі ән көшімнің

Жаныма нәр берген шабыт берген

Өшпесің мәңгі есімін

О менің Арысым

Туған жер кіндік қаным тамған жер

О менің Арысым

Бар сезім балалығым қалған жер

Жалынды жастығым

Арманыз сауық сайран салған жер

Ең алғаш махаббат

Алауы жүрегімде жанған жер

Әркімнің айналған панасына

Туған жер тұрады санасында

Қала бар Арыс деп аталатын

Арыстың жағасында

Арысым анамдай мәпелеген

Бұзығың мен едім еркелеген

Есейіп кетсемде әлі өзіңе

Келемін еркелеумен

О менің Арысым

Таралған тоғыз жолдың торабы

О менің Арысым

Сан алуан сарқылмайтын қонағы

Ұлым деп көтердің

Бәрінен қойдың мені жоғары

О менің Арысым

Парызым менің саған көп әлі

Әркімнің айналған панасына

Туған жер тұрады санасында

Қала бар Арыс деп аталатын

Арыстың жағасында

Арысым анамдай мәпелеген

Бұзығың мен едім еркелеген

Есейіп кетсемде әлі өзіңе

Келемін еркелеумен

Келемін еркелеумен

Келемін еркелеумен

🇰🇿 kausar013🇰🇿 থেকে আরও

সব দেখুনlogo