"Анаға сағыныш"
1. Жетісу–біз өскен жер,талды мекен, талды мекен
Ауылдың айналасы сәнді ме екен?
Аялап жер-бесікке бөлеп едік,
Ұйқысы, ұйқысы жан анамның қанды ма екен?
Қ/сы: А-а-а-й
Қарайлап қара көзің талды ма екен?
Елжіреп ет-жүрегің жанды ма екен?
Апыр-ай, ай мен күннің аманында
Айрылып, айрылып қалай сенен қалдым екен...
2. Жалғанда кім аясын шыбын жанды, шыбын жанды
Жібектей жүрегімде үнің қалды.
Жармасқан етегіңе ұл-қызың мен
Өсірген, өсірген өзің баптап гүлің қалды.
Қ/сы: А-а-а-й
Қарайлап қара көзің талды ма екен?
Елжіреп ет-жүрегің жанды ма екен?
Апыр-ай, ай мен күннің аманында
Айрылып, айрылып қалай сенен қалдым екен...
3. Еске алып елжіреген кезіңді мен,кезіңді мен
Көрсем деп елесіңді көзімді ілем.
Жанымды қоятұғын жер таппаймын,
Анашым, анашым аңсағанда өзіңді мен.
Қ/сы: А-а-а-й
Қарайлап қара көзің талды ма екен?
Елжіреп ет-жүрегің жанды ма екен?
Апыр-ай, ай мен күннің аманында
Айрылып, айрылып қалай сенен қалдым екен...
А - а - а - о - о - у - и - у - и - и...
[by ERKE.KUNIM]