Жүрегіме сұлу сезім еккенсің
Сағынышым самал болып жеткенсің
Қоңыр күзде жүрегімде бүр жарған-
Бақытымсың көктемсің
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл
Махаббаттың күй-әуенін шертесің
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді
Махаббатың өртесін
Сағынышым аппақ гүлім әдемім
Селт еткізген жаухар жүрек әлемін
Жәудіреген жанарыңмен жанымды
Баурап алған ән едің
Көздеріңнен айналайын мөп-мөлдір
Періштемсің жүрегіме төккен нұр
Жүрегімнің "ғашық үнін" жеткізер
Бір өзіңе ұсынамын көктем-гүл
Махаббаттың күй-әуенін шертесің
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді
Махаббатың өртесін
Көңілімде күмбірлетіп күй түрлі
Ұрлап алдың әз күлкім мен ұйқымды
Бар әлемнің қызғалдағын жисам да
Сендей болмас Сүйкімді
Махаббаттың күй-әуенін шертесің
"Ән-әлемге" бірге өзіңмен ертесің
Жүрегімді
Махаббатың өртесін