menu-iconlogo
huatong
huatong
--cover-image

Шашбаулым

МузАрт тобыhuatong
💙🅝🅤🅡🅖🅐🅩🅨♾️🅐🅛🅐🅤💙huatong
লিরিক্স
রেকর্ডিং
Қона қалған мойнына

Құндыз бөрік шашбаулым

Жарқырайды жағада

Жұлдыз болып мақтаулым,

шашбаулым

Жамылып ап торқаны

Тағып алып алқаны

Жолығайық уәделі

Бір күн келіп мақтаулым,

шашбаулым

Сыңғыр шолпы шашбауын

Жарасады таққаның

Осы сәнің тұрғанда

Қаламаймын басқаны,басқаны

Үкілерің желбіреп,

Жас жүрегім елжіреп

Сүйіншілеп жеңгейлер

«Шашбаулы қыз» келді деп

Келді деп

Әсем нәзік сезімді

Жандырады шашбаулым

Қанғандай бір болады-ай

Жан құмарым мақтаулым,

шашбаулым

Күміс сырға, ақ моншақ,

Шолпыларың шашбаулым

Көп жігітті есінен

Тандырады мақтаулым,

Шашбаулым

Сыңғыр шолпы шашбауын

Жарасады таққаның

Осы сәнің тұрғанда

Қаламаймын басқаны,басқаны

Үкілерің желбіреп,

Жас жүрегім елжіреп

Сүйіншілеп жеңгейлер

«Шашбаулы қыз» келді деп

Келді деп

Қызыл бешпент үстінде

Қынамады шашбаулым

Алтыбақан тебуге

Сұрана кел мақтаулым,

шашбаулым

Ай толастап аспанда

Туған кезде шашбаулым

Ойнаймын деп ақсүйек

Қуанар деп мақтаулы,

шашбаулым

Сыңғыр шолпы шашбауын

Жарасады таққаның

Осы сәнің тұрғанда

Қаламаймын басқаны,басқаны

Үкілерің желбіреп,

Жас жүрегім елжіреп

Сүйіншілеп жеңгейлер

«Шашбаулы қыз» келді деп

Келді деп

Сыңғыр шолпы шашбауын

А-а-а-а-а-а

О-о-о-о-о-о

Е-е-е-е-е-е

МузАрт тобы থেকে আরও

সব দেখুনlogo