Үнсіздік әлеміңді жағалады,
Жалығып барады ма жанымыз.
Көңілім дауысыңды сағынады,
Жалғыз боп қаламыз ба тағы біз.
Таңдауым өрт болып сен өзегіме,
Таусылып талғаны ма әліміз.
Алдады тағдыр бізді көнесің бе?
Жаны жоқ қалғаны тек тәніміз.
Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде,
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем.
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге?
Өтінемін сөйле.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.
Күрсініп тұрсың әлі сұрағыма,
Бәлкім қалауың соңғы кездесу.
Жасырып айта алмадың құлағыма,
Қасыңда мүмкін емес жылыну.
Кінәсіз жүрек тағатсыз күтуде,
Айтылмады мүлде, жауабыңды күтем.
Тарылып кеуде жабырқаулы күйге
Өзгересің неге?
Өтінемін сөйле.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.
Сөйле сөйле сөйлеші,
Үнсіздігің керек емес.