menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Құстар Әні

Әбдіжаппар Әлқожаhuatong
natimachuatong
Liedtext
Aufnahmen
Lyricist : Тұманбай Молдағалиев

Composer : Нұрғиса Тілендиев

​Жас өмірін, мәз өмірін қысқартып

​Бара жатыр, бара жатыр құс қайтып

​Зымырайды менің бала кезімдей

​Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей

​А-аа-аа, а-аа-аа, a-аа-аа, a-аа-аа, а-а-а-а

Бір жалт етіп өте шыққан, өте шыққан сезімдей

Құстар, құстар сызылтып ән салады

​Сол әнімен тербетеді даланы

​Ал адамдар күліп бастап өмірін

​Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады

А-аа-аа, а-аа-аа, a-аа-аа, a-аа-аа, а-а-а-а

​Кетерінде жылай да алмай, жылай да алмай қалады

Біздің жаққа бауыр басып кеткен бе?

Тамаша әнмен келіп еді көктемде

Өскен жерге сыймай кетіп барады

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

А-аа-аа, а-аа-аа, a-аа-аа, a-аа-аа, а-а-а-а

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

Өскен жерін қимай кетіп, қимай кетіп барады

Mehr von Әбдіжаппар Әлқожа

Alle sehenlogo