menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Саулем ай

Халық әніhuatong
sorinonehuatong
Liedtext
Aufnahmen
Аяғыма кигенiм былғар етiк сәулем ай

Табанымнан барады ызғар өтiп сәулем ай

Жақсы болсаң келерсiң

судан өтiп сәулем ай

Жаман болсаң қаларсың

суға кетiп сәулем ай

А хоу

Сәулем, сәулем, сәулемсiң

Басымдағы дәуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

Ағынында алманың көгi жақсы сәулем ай

Барынында жаманның жоғы жақсы сәулем ай

Бiр сөз айтсаң жаманға

терiс қарар сәулем ай

Қорғасындай балқыған

қайран жақсым сәулем ай

А хоу

Сәулем, сәулем, сәулемсiң

Басымдағы дәуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

Сенде серi сәулем ай,

менде серi сәулем ай

Шын сүймесең көңiлiмдi

бермес едiм сәулем ай

Томағасын алдырған лашындаймын сәулем ай

Сен болмасаң бұл жерге

келмес едiм сәулем ай

А хоу

Сәулем, сәулем, сәулемсiң

Басымдағы дәуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

Сәулем, сәулем, сәулемсiң

Басымдағы дәуремсiң

Жақсы болсаң сәулемсiң

Жаман болсаң әуремсiң

А хоу

Mehr von Халық әні

Alle sehenlogo