menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Мойыл көз - Тоқтар Серіков

Mouse*huatong
𒆜ˣᵃᵒˢ᪣⃔͜⍣𒁍ᴍᴏᴜsᴇhuatong
Liedtext
Aufnahmen
by Mouse*

Мойыл көз - Тоқтар Серіков

Мойылгөз, момын көріктім,

Түсімде сені көріппін.

Толқыны долы теңізде

Желкенсіз желде желіктім,

Желкенсіз желде желіктім.

Ботадай көзің мөлдіреп,

Сағынып, жүрек елжіреп.

Өзіңді ғана, өзіңді

Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.

Отқа да қондым талғамай,

Қанатым күйіп қалғаны-ай.

Алыстап барады жастық шақ,

Айдан да биік арман-ай.

Бермейді тыным жүрегім,

Қалың бір ойдан жүдедім.

Көктемде шығып, күзде өлген

Махаббат қандай гүл едің,

Махаббат қандай гүл едің.

Ботадай көзің мөлдіреп,

Сағынып, жүрек елжіреп.

Өзіңді ғана, өзіңді

Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.

Отқа да қондым талғамай,

Қанатым күйіп қалғаны-ай.

Алыстап барады жастық шақ,

Айдан да биік арман-ай.

Кездер-ай қайтып келмейтін,

Арман-ай ерік бермейтін.

Өткен шақ, сенің еншіңе

Арнадым өлең өлмейтін,

Арнадым өлең өлмейтін.

Ботадай көзің мөлдіреп,

Сағынып, жүрек елжіреп.

Өзіңді ғана, өзіңді

Тұрғаны-ай, жаным, көргім кеп.

Отқа да қондым талғамай,

Қанатым күйіп қалғаны-ай.

Алыстап барады жастық шақ,

Айдан да биік арман-ай.

Алыстап барады жастық шақ,

Айдан да биік арман-ай.

Mehr von Mouse*

Alle sehenlogo