Жарығым жанға қимас,қымбаттым ау,
Ұға алсын жай күйімді кім кеп мынау,
Қасымда күнде көріп жүргеннен соң,
Бой жетіп қалғаныңды білмеппін ау...
Жат жұрттық баласың,
Мен үшін дарасың,
Жүректің парасын жұлып ап барасың,
Айналайын арман құсым...
Жан әкең,жан анаң
Тілекші бар адам,
Жұбыңмен қалаған
Бақытты бол аман,
Қуанышым...
Қалқатайым...
Қияға сілтедің ау,қимай қанат
Махаббат деген мәңгі,күйді аймалап
Анаң тұр жаулығына жасын сүртіп,
Бағын аш тәңірім деп,қимай қарап
Жат жұрттық баласың,
Мен үшін дарасың,
Жүректің парасын жұлып ап барасың,
Айналайын арман құсым...
Жан әкең,жан анаң
Тілекші бар адам
Жұбыңмен қалаған
Бақытты бол аман
Қуанышым...
Қалқатайым...
Жат жұрттық баласың,
Мен үшін дарасың,
Жүректің парасын жұлып ап барасың,
Айналайын арман құсым...
Жан әкең,жан анаң
Тілекші бар адам,
Жұбыңмен қалаған
Бақытты бол аман,
Қуанышым...
Қалқатайым...