Оралмай жүрген жазым ең
Таба алмай жүрген сазым ең
Жолықтың маған ғайыптан
Бұлбұл боп жарқын назыңмен
Сазымен тербеп тәтті әнің
Жүрекке өшпес от салдың
Әніңе ғашық болам деп
Өзіңе ғашық боп қалдым
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы
түндер алыстап барады
Жылады жапырақ
Жылады жапырақ
Жұбатты жанымды түн самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да
Ұмыта алмадым сол күзді
Өртеген еді жалыны
Аңсаумен жүрсін деп бізді
Қоспаған шығар тәңірім
Сырымды қалай жеткізем
Сағынышымсың тек білсең
Қуанышым боп келіп ең
Тәтті мұң сыйлап кеттің сен
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы
түндер алыстап барады
Жылады жапырақ
Жылады жапырақ
Жұбатты жанымды түн самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да
Жылайды жапырақ
Жылайды жапырақ
Тербетіп сыбдырымен даланы
Өзіңмен жүрген айлы
түндер алыстап барады
Жылады жапырақ
Жылады жапырақ
Жұбатты жанымды түн самалы
Жылама жапырақ
Қуаныш күн туар саған да