Жалт етеді бір үміт тайып беріп,
Жалынамын жанымды жайып көріп,
Қаным сыймай барады ау арнасына
Қосылғандай Ілеге Жайық келіп
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!
Қорқып тұрам орнымнан, қорқып жатып,
Толқын кетіп барады ей толқындатып,
Бәрі келіп тоғысып жүрегімнің
Жағалауын тебеді солқылдатып.
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай
...
Жарығым-ай,
Тұман торлап жүзіңе қалғанын-ай,
Деуші еді ғой жалғыздың жары Құдай
Неге таси береді қаным ұдай, Жарығым-ай!