Оян қазақ тұр қазақ жатпа қазақ
Тұғырыңа қона біл атқа қазақ
Ел бүгіншіл менікі ертең үшін
Тарихыңды айта біл жатқа қазақ
Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын
Кезің келді алаулап жалындайтын
Күннен туған баламын өзім отпын
Сақ баласы қамал ғой алынбайтын
Ақыл қайрат жүректі теңдей ұста
Соға берме басыңды тау мен тасқа
Күн сөнгенше сөнбейтін арда қазақ
Болашақтың тізгіні сендей жаста
Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын
Кезің келді алаулап жалындайтын
Күннен туған баламын өзім отпын
Сақ баласы қамал ғой алынбайтын
Күлдір күлдір шабамын күреңімде
Күмбір күмір күй ойнар жүрегімде
Әр қазағым жалғызым жан бауырым
Амандығың алашым тілегімде
Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын
Кезің келді алаулап жалындайтын
Күннен туған баламын өзім отпын
Сақ баласы қамал ғой алынбайтын
Көкбөрісің сен қолға бағынбайтын
Кезің келді алаулап жалындайтын
Күннен туған баламын өзім отпын
Сақ баласы қамал ғой алынбайтын