Әке
Ақылмен баға берген,
Тым артық маған елден.
Әкешім ізіңдегі,
Ұлыңмын саған ерген.
Сен жүйрік тұлпар болсаң,
Құлынмын саған ерген.
Әнім - жырым дейтін,
Шуақ нұрым дейтін.
Сені жақсы көрем Әке!
Айым - күнім дейтін,
Жаным ұлым дейтін.
Сені жақсы көрем Ана!
Бастарын Хан да иеді,
Әкеге әр киелі.
Тіріде сыйламасаң,
Тірліктің бар күйері.
Жүз мектеп бере алмайды,
Сен берген тәрбиені.
Әнім - жырым дейтін,
Шуақ нұрым дейтін.
Сені жақсы көрем Әке!
Айым - күнім дейтін,
Жаным ұлым дейтін.
Сені жақсы көрем Ана!
Әнім - жырым дейтін,
Шуақ нұрым дейтін.
Сені жақсы көрем Әке!
Айым - күнім дейтін,
Жаным ұлым дейтін.
Сені жақсы көрем Ана!
Сені жақсы көрем Әке!