(Жігіт)Сағыныш күйі жанымды тербеп самғаған,
Бақ гүлім сенсің, шаттығым сенсің аңсаған.
Пәнидің жарық сәулесі сөніп біткенше,
Өзіңді сүйіп, өзіңді жыр ғып ән салам.
(Қыз)Көзіңді байлап тұрса да қанша мұнар күн,
Сәулесін шашып, көгімде күн боп тұрармын.
Тілегі – лебіз, жүрегі – егіз жаралған,
Нәр алған сенің махаббатыңның сыңарымын.
(Бірге)Сен жүрген жермен жүргім келеді,
Сен көрген түсті көргім келеді,
Сен сүйген әнді, ғашығым менің,
Өзіңмен бірге салғым келеді.
,,,,,,,
(Жігіт)Аймалап аппақ жүзіңді самал ескенде,
Көзіңді жұмып ғаламат сезім көшкенде.
(Қыз)Мен сені сүйдім, сен мені солай сүйе алсаң,
Махаббат қылын үзе алмас еді-ау еш пенде.
(Бірге)Сен жүрген жермен жүргім келеді,
Сен көрген түсті көргім келеді,
Сен сүйген әнді, ғашығым менің,
Өзіңмен бірге салғым келеді.
(Жігіт)Арманым әнім арбадың жаным айнам ау
Тағдырым тұман табаным сенсіз тайған ау
Түсімде көрмей сен жайлы қылмыс ойламау
(Қыз)Сен жүрген жерде жүректе жалын ойда алау
Басқаны көрмей көңілім саған тойған ау
Өзіңсіз мені соқыр қып тәңір қойған ау
(Жәгіт)Сен жүрген жермен жүргім келеді,
(Қыз)Сен көрген түсті көргім келеді,
(Бірге)Сен сүйген әнді, ғашығым менің,
Өзіңмен бірге салғым келеді.
Сен сүйген әнді, ғашығым менің,
Өзіңмен бірге салғым келеді.