Бір мін болмас келбетінде,
Теңдесі жоқ жер бетінде.
Күлкісімен бар әлемді
Жаралғандай тербетуге.
Көрген жандар таң қалатын,
Адал, сұлу жар болатын.
Қазағымның, қазағымның
Қазағымның арулары-ай.
Қайырмасы:
Ай мен күнге ұқсаған,
Арын таза ұстаған
Қазағымның арулары-ай.
Инабатты, салмақты,
Тәлім көрген жан-жақты
Қазағымның арулары-ай.
Дигидай дай-дай-дай-дай
Қазақтың арулары ЕЕЕ,
Лаулаған жалындары.
Өрілген бұрымы, ерекше қылығы
Жоғалмас ешқашан жүрегінің жылулары.
Өмірге көрік берген, сұлулықтың бізге
Ғасырдан-ғасырларға салтанатын бұзбады.
Мінезі балдай, ажары таңдай, тәні сұлу жаны
Сұлу қазағымның қыздары.
Қайырмасы:
Ай мен күнге ұқсаған,
Арын таза ұстаған
Қазағымның арулары-ай.
Инабатты, салмақты,
Тәлім көрген жан-жақты
Қазағымның арулары-ай.