Семсерін қайрап сайлаған
Сертінен ешбір таймаған
Түркінің күллі даласын
Баһадүр бабам жайлаған
Қарсы да келген дұшпаны
Қарсы айрылып жайраған
Толы был көкпелі күлтегін
Тағдырға терең бойлаған
Тұлпарға мін ер түрік көзінде
Жалын ойнаған
Елдесе байтақ жердесе есесін берген Қай бабам
Егемен жұртым ендеше
Тек ерлік қана сай маған
Мен ақ алмастай өткір ем
Ерліктің биік шоқтығы ем
Қазығын қаққан хандықтың
Жәнібек Керей тектіден
Қасым хан салған қасқа жол
Қасиет көзі деп білем
Есімхан салған ескі жол
Өсиет сөзі деп білем
Тәукенің жеті жарғысын
Жеті қазынам деп білем
Ақтабан болып шұбырдық
Ордамды жалмап от кілем
Бірліктің мәнін ұғындық
Теңселген шақты тепкіден
Абылайды асқақ тұғыр қып
Хан сайладық ептіден
Үш жүздің басы біріксе
Билеген жер мен көкті кең
Алты алаштың рухы мен
Алты құрлыққа жетті дем
Бірлігім тұрса бекем боп
Басынар дұшпан жоқ білем
Керуенде керуен жылдардың
Көшіне қолым бұлғармын
Отырар Түркістан болып
Ұлы далада бүр жардым
Фараби менен Яссауи
Ілімін жиып нұрландым
Ұлтымның мәңгі бағына
Ұлы Абай болып туғанмын
Ғасырдың ғажап таңынан
Ыбырай үнін тыңдармын
Игі жақсылар жолының
Игілігінен үлгі алдым
Бабамның қараған даламның
Бақытын мәңгі жырлармын
Ғасырдың бастап ұлы әнін
Ұлт үшін туды ұланың
Әлихан Ахмет Міржақып
Алаштың бастап ұранын
Жалқыға көнбей жағынбай
Жалпыға тендік сұрадым
Өлмейтін рухым жыр әнім
Сөнбейтін сәуле шырағым
Ерлікті аңсап өрлікті
Кеңдікті сүйген қыраным
Қазынамды ұрлап жау жеді
Халықта дәрмен бармеді
Бодандық басты бұғаулап
Күндер де өттау әурелі
Көрсетке қайғы қасірет
Өлмейтін рухым мәңгі еді
Тәуелсіздіктің жолында
Бабамның кетті бар кегі
Қасқайып тұрды қамал боп
Қалғанша соңғы әл демі
Желтоқсандағы ерлігім
Елімнің жаңа дәурені
Жастығым жақты қайтадан
Солардан қалған сәулені
Толысқан шақта тасынбай
Адасқан шақта Ашынбай
Алладан басқа ешкімге
Ұлт едік өскен бас ұрмай
Намысым мен Нар кескен
Жарық ете қалса жасындай
Тәуелсіз таңым бағалы
Бабамнан қалған асылдай
Егемен ел боп жетік ау
Аңсатқан алтын ғасырғай
Жалпақ әлемге жар салам
Жан қуанышым ды жасырмай
Танитын талғам болса егер
Тарихым менің осындай
Танитын талғам болса егер
Тарихым менің осындай
Е еее е Ей