Құмарым қойды-ау басылмай,
Қабағым сенсіз ашылмай.
Көркіңнен әзиз айналдым, айналдым
Бір тамшы көздің жасындай.
Жайымды айтсам жасырмай,
Жағдайым менің осындай.
Жаным-ау менің мөлт еткен,
Бір тамшы көздің жасындай.
Бір тамшы көздің
Бір тамшы көздің жасындай.
Пейіл де бермей, бездірмей,
Көлденең жанды көзге ілмей.
Өзгеше күйді мендегі, мендегі
Көзімнен жаным, сездің ғой.
Жайымды айтсам жасырмай,
Жағдайым менің осындай.
Жаным-ау менің мөлт еткен,
Бір тамшы көздің жасындай.
Бір тамшы көздің
Бір тамшы көздің жасындай.
Ләззатың болса шекердей,
Қайғың да маған жетердей.
Күрсінген сайын жүрегім, жүрегім
Кеудемді жағып кетердей
Жайымды айтсам жасырмай,
Жағдайым менің осындай.
Жаным-ау менің мөлт еткен,
Бір тамшы көздің жасындай.
Бір тамшы көздің
Бір тамшы көздің
Бір тамшы көздің
Бір тамшы көздің
жасындай,,,