Шөлімді басар сен бе едің кәусар бұлағым?
Үкілі-ай қалқам, үзіле жаздап ұнадың.
Ойда жоқ сәтте оянған албырт сезімді-ей,
Амалым қанша-ей, айта алмай іштен тынамын,
айта алмай іштен тынамын.
Оңаша қалып опасыз жалған бес күннен,
Еншімді-ай жаным, даулаған емен ешкімнен.
Айтатын сөзім тұрса да-ай тілдің ұшында-ей,
Амалым қанша-ей, мылқаудың күнін кештім мен,
мылқаудың күнін кештім мен.
Боларсың сәулем әнімді менің естіген,
Алдыңда сенің мың лаулап тұрып өштім мен.
Күлімдеп қарғам шықсаң да менің алдымнан,
Амалым қанша-ай зағиптың күнін кештім мен,
зағиптың күнін кештім мен.