menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Үйге келесіңбе

Нұрболат Абдуллинhuatong
¹²☆.𝘽𝙊𝙇𝘼𝙏.☆¹²huatong
Lyrics
Recordings
Жігіт:

Күнде-күнде тек менімен ғана тілдесесің

Бал мен уды тек менімен ғана бірге ішесің

Əрбір сұлу бір түрмеде тұтқын болып отыр,

Сен бəрінен ең бақытты болып күн кешесің.

Мен саған гүл беремін,

Сен маған үндемегін.

Тұтқындап қоям сені,

Жүрегім түрме менің.

Сен соған лайықтысың,

Сұлусың, байыптысың.

Себепсіз ғашық қылдың,

Сол үшін айыптысың.

Мұңайсам қуанбаймын,

Кешірім қыла алмаймын.

Мен сені бостандыққа,

Ешқашан шығармаймын.

Ашуың қайнап ішкі,

Арманың айдан ұшты.

Өмірің ол жақтағы,

Өзіңе байланысты

[Қайырмасы] Қыз:

Енді үйге келмейсің бе, маған қатты ренжисің бе?

Қайтып келші.

Үйге келсең кіресің бе, мекен-жайды білесің бе?

Айтып берші.

Енді үйге келмейсің бе, маған қатты ренжисің бе?

Қайтып келші.

Үйге келсең кіресің бе, мекен-жайды білесің бе?

Айтып берші.

Жігіт:

Түрмеде күнде түнек,

Уайымдап жүрме жүдеп.

Сен үшін жаратылған,

Мендегі түрме-жүрек.

Қой енді өтінуді,

Өкпелеп, өкінуді.

Талайлар армандап жүр,

Түрмеме отыруды.

Жүрегің шаршады ма?

Жетесің аңсарыңа!

Кісенді жүзік қылып,

Тағамын саусағыңа.

Есіңнен ауысардай,

Жүресің əлі шалғай.

Аяулы махаббаттың,

Аяусыз заңы сондай.

Мен саған гүл беремін,

Сен маған үндемегін.

Тұтқындап қоям сені,

Жүрегім түрме менің.

Сен соған лайықтысың,

Сұлусың, байыптысың.

Себепсіз ғашық қылдың,

Сол үшін айыптысың.

Мұңайсам қуанбаймын,

Кешірім қыла алмаймын.

Мен сені бостандыққа,

Ешқашан шығармаймын.

Ашуың қайнап ішкі,

Арманың айдан ұшты.

Өмірің ол жақтағы,

Өзіңе байланысты.

[Қайырмасы] Қыз:

Енді үйге келмейсің бе, маған қатты ренжисің бе?

Қайтып келші.

Үйге келсең кіресің бе, мекен-жайды білесің бе?

Айтып берші.

Енді үйге келмейсің бе, маған қатты ренжисің бе?

Қайтып келші.

Үйге келсең кіресің бе, мекен-жайды білесің бе?

Айтып берші.

More From Нұрболат Абдуллин

See alllogo