Ұл:
Аңсатып, алаңдатып қойған арман
Сендегі сезімді, мендегі төзімді
Сәт сайын сен туралы ойға малған
Қайран арман
Қыз:
Қадамым тартынбайды тайғанаудан
Өзіңе жетуге, бақытты етуге
Барады жалын өсіп бойда жанған
Ойлағаннан
Ұл:
Көздерің қандай?!
Жүрегіме жылу берген сөздерің қандай?!
Жылы күнде еріп жауған кездегі қардай
Сезімімді сезбедің қалай?!
Қыз:
Күлгенің қандай?!
Сырың жұмбақ жасырылған гүлдегі балдай
Мезгілінен ерте жауған күздегі қардай
Сезімімді білмедің қалай?!
Қыз:
Сен болдың ең аяулы мендегі арман
Жалыны сөнбейтін, жанымды емдейтін
Қайтаршы жүрегімді сен деп алған
Емге барғам
Ұл:
Сен менің қол бұлғаған алдымда арман
Сақталған күздегі, көрсетпей өзгені
Сен болшы тағдырымды арнаған жан
Таңдап алған
Қыз:
Көздерің қандай?!
Жүрегіме жылу берген сөздерің қандай?!
Жылы күнде еріп жауған кездегі қардай
Сезімімді білмедің қалай?!
Ұл:
Күлгенің қандай?!
Сырың жұмбақ жасырылған гүлдегі балдай
Мезгілінен ерте жауған күздегі қардай
Сезімімді білмедің қалай?!