Мөлдір күндер мөлдіреп өскен кезде
Тау бұлағын тамсана ішкен кезде
Самал желмен тербелген тал қайыңдар
Бақ ішінде мен сені күткен кезде
Махаббатым сізге арналады
А а а а а а
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады
Бал аралар гүлдерге қонған кезде
Алатаудың бал шөбін сорған кезде
Қу салықтан қуарып ақ жүзіміз
Арамыздан көп күндер өткен кезде
Махаббатым сізге арналады
А а а а а а
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады
Көңіліңе гүл сыйлар көктем күзде
Көздеріңде кірпігің өткен кезде
Ең алғашқы жолыққан кештегідей
Аспандағы алтын ай толған кезде
Махаббатым сізге арналады
А а а а а а
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады.
Махаббатым сізге, тағдырым да сізге арналады.