menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Ana

Kazybek Kuraiyshhuatong
miniature_schnauzershuatong
Letras
Grabaciones
Аязда тоңып мен үшін

Аямай нәзік терісін

Жасадың кейде ер ісін

Ана, ана

Күн менен ерте жарысып

Отымен ошақ алысып

Келдің-ау үйдің қамы үшін

Ана, ана

Досым-ау шыныменен

Білсең ғой жылу деген

Ананың жанары ғой күлімдеген

Жүрегі алаңдаған

Осындай менің анам

Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам

Білемін кейде қажыдың

Менің де болар жазығым

Жүзіңе түскен әжімің

Ана, ана

Болмайды-ау сірә дегенің

Жаныңда жүрсем деп едім

Алыстан аңсап келемін саған

Ана

Досым-ау шыныменен

Білсең ғой жылу деген

Ананың жанары ғой күлімдеген

Жүрегі алаңдаған

Осындай менің анам

Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам

Ер жетті міне балаң

Саған енді тіреу болам

Маған керегі көздерің ғой жымыңдаған

Аяулы менің анам

Ер жетті міне балаң

Саған енді тіреу болам

Маған керегі көздерің ғой жымыңдаған

Аяулы менің анам

Жүрегі алаңдаған

Осындай менің анам

Өзіңсіз мынау маған мәнсіз ғалам

Más De Kazybek Kuraiysh

Ver todologo