menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Болайык бирге

Куандык Рахымhuatong
𝓚𝓪𝓹𝓽𝓮𝔂𝓷'𝓼𝓢𝓽𝓪𝓻~huatong
Letras
Grabaciones
Ай,сұлу қыз,қалың қалай,

Көңіл ауды саған қарай,

Енді жібермеймін оңай.

Тілегіңіз тағы дос па екен?

Жүрегіңіз әлі бос па екен?

Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?

Сері жігіт болшы абай,

Сендейлерді көргем талай.

Сәл-сәл асықпаңыз олай,

Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.

Оны ашу сізге қымбат қой,

Өз еркіңе қарай ашасыз қалай?

Жігіт: Ашып алам оңай,жолы керек,

Қыз: Ғашық адам солай болу керек.

Жігіт: Бір арманға күндей толу керек.

Қыз: Екі жүрек бірдей соғу керек.

Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай,

Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай.

Екеуі:. Айырылмай мүлде,болайық бірге

Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай,

Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай.

Екеуі:. Айырылмай мүлде,болайық бірге

Қабағыңа қонған Күн-Ай,

Жанарыңа толған шырай.

Сені, шүкір берген Құдай.

Сезіміміз тәтті ертегі ай,

Еркелеген менің еркем-ай.

Бақытты талай, көрейік ары қарай.

Қылығыма жүрсең шыдай,

Бақытты боламын ұдай.

Мені, еркелетсең былай.

Сен боласың менің серім-ай,

Мен боламын сенің теңің-ай.

Әніңді арнай, жүрейін қалмай.

Бәрі лайық бізге бағымыздан,

Арылайық жалғыз шағымыздан.

Сағынайық ойлап таңымыздан,

Табылайық әр кез жанымыздан.

Көзімізді жатқа сыйламай,

Өзімізді босқа қинамай,

Айырылмай мүлде, болайық бірге.

Көзімізді жатқа сыйламай,

Өзімізді босқа қинамай,

Айырылмай мүлде, болайық бірге.

Más De Куандык Рахым

Ver todologo