Жусаны жұпар, Аңқыған белім
Шаттықтан күйі, Шалқыған төрім.
Көркіңнен сұлу, Айналдым елім.
Желегін жасыл , жайған гүлдерің
Қайырмасы:
Қайдасың қайда
Сайран күндерім
Мақпал түндерім
Сағындым сені.
Ауылым менің.
Бабадан қалған, Бағзы мекенім
Өзіңе мәңгі, Тағзым етемін.
Шуағын көркем, Шашқан таңдарын.
Елжірер жүрек, Еске алсам бәрін.
Қайырмасы:
Қайдасың қайда
Сайран күндерім
Мақпал түндерім
Сағындым сені.
Ауылым менің.
Жайылған дала, Дастархан бағым
Бұлт сүйген басын, Асқар тауларым
Шуағын көркем, Шашқан таңдарын.
Елжірер жүрек, Еске алсам бәрін
Қайырмасы:
Қайдасың қайда
Сайран күндерім
Мақпал түндерім
Сағындым сені.
Ауылым менің.
Қайдасың қайда
Сайран күндерім
Мақпал түндерім
Сағындым сені.
Ауылым менің.
Сағындым сені.
Ауылым менің.