menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Ғарыштағы ғашығым [AiNaz]

Only Musichuatong
62194760554huatong
Letras
Grabaciones
AiNaz

--------------

Өзің барда нұрлы еді айналамның барлығы

Күз келді де кеудеме басты мені бар мұңы

Бақыт алыс жол қысқа артта қалды таң нұры

Осы шығар жарығым жаратқанның жарлығы

Жаным, жаным, жаным жаурады

Сенсіз, мәнсіз әнім таудағы

Өзіңді ойлай ойлай, жаным, жаным ауырады

Сағым қолын бұлғаса сен екен деп ілестім

Сенсіз өткен бір түнмен таң атқанша күрестім

Мұңаяды жай ғана қабақ ашпай күлмес күн

Есіме алып өткенді елесіңмен тілдестім

Жаным, жаным, жаным жаурады

Сенсіз, мәнсіз әнім таудағы

Өзіңді ойлай ойлай, жаным, жаным ауырады

Күн күрсініп аспанда ай жылады жасырын

Сені қатты сағындым естисің бе асылым

Тек өзіңді іздеумен өтеді әлі ғасырым

Жолығармыз түбінде ғарыштағы ғашығым

Жаным, жаным, жаным жаурады

Сенсіз, мәнсіз әнім таудағы

Өзіңді ойлай ойлай, жаным, жаным ауырады

Жаным, жаным, жаным жаурады

Сенсіз, мәнсіз әнім таудағы

Өзіңді ойлай ойлай, жаным, жаным ауырады

Жаным, жаным ауырады

---------------

AiNaz

Más De Only Music

Ver todologo