menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Сен болмасан

Айгерим Мамыроваhuatong
𝙺𝚊𝚙𝚝𝚎𝚢𝚗'𝚜⚡𝚂𝚃𝙰𝚁huatong
Paroles
Enregistrements
Сен болмасаң бұл жалған

Күнде уайым, күнде арман

Айналайын, гүлiм-ау

Жүрегiмде бүр жарған

Сен болмасаң серiгiм

Аялайды менi кiм

Ертелi кеш сен жаққа

Елеңдейдi көңiлiм

Сен болмасаң тiрегiм

Кiмге жылап күлемiн

Жүрегiмде тiлегiм

Алақанда жүрегiм

(а-а-а-й) алақанда жүрегiм

(е-е-е-й) жүрегiм

Сенсiз мынау жалғанда

Өтер ме едiм арманда

Елжiрейсiң, балқисың

Мен әнiме салғанда

Сен арқылы жарығым

Бақытымды таныдым

Екеумiзге бiр ғұмыр

Бере көршi Таңiрiм

Сен болмасаң тiрегiм

Кiмге жылап күлемiн

Жүрегiмде тiлегiм

Алақанда жүрегiм

(а-а-а-й) алақанда жүрегiм

(е-е-е-й) жүрегiм

Сен болмасаң аяулым

Кiмге құшақ жаярмын

Сағынышты сазыңмен

Жүрегiмнен жай алдың

Сен болмасаң жанымда

Жайқалмайды-ау бағым да

Менiң ғазиз тағдырым

Сенiң ғана қолыңда

Сен болмасаң тiрегiм

Кiмге жылап күлемiн

Жүрегiмде тiлегiм

Алақанда жүрегiм

(а-а-а-й) алақанда жүрегiм

(е-е-е-й) жүрегiм

(е-е-е-й) жүрегiм

Davantage de Айгерим Мамырова

Voir toutlogo
Сен болмасан par Айгерим Мамырова - Paroles et Couvertures