menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Тәлім

Жазира Байырбековаhuatong
🇰🇿Kausar013🇰🇿huatong
Paroles
Enregistrements
Аға деген ініңді-ей жаным десең болады-ай

Ерін күткен әйелді Ханым да десең болады-ай

Көктемдегі көл дауысын әнім де десең болады-ай

Шөлдеп ішкен сусынды балым да десең болады-ай

Ойлы туған ерлерді-ай ғалым да десең болады-ай

Осындай айтқан үгітті

Ел біткенге таратып

Аааай-иееееей иееееей

Мәлімді-ай десең болады-ай

Аааай-иееееей иееееей иееееей

Болады-ай

Ұл мен қыздың қызығы-ай тілі анық шыққанша

Мергендіктің қызығы-ай көздеген аңын жыққанша

Жүйрік аттың қызығы-ай шомылып терге батқанша

Тәтті тамақ қызығы-ай қарныңа барып тыққанша

Татулықтың қызығы-ай кеудеңнен жаның шыққанша

Әр түрлі үгіт айтамын

Өтіп тау кеткен лұқпанша

Аааай-иееееей иееееей

Өтіп тау кеткен лұқпанша

Аааай-иееееей иееееей иееееей

Өтіп тау кеткен лұқпанша

Аааай-иееееей иееееей иееееей

Лұқпанша

Һээээээээээй

Davantage de Жазира Байырбекова

Voir toutlogo