menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Шохан Тіней - Қыздарға әсемдік жарасады (by make)

KZ MAKEhuatong
MAKE/MAKEhuatong
Lirik
Rekaman
Қыздарға әсемдік жарасады,

Ай көркі биіктетер аласаны.

Болмаса сұлу қыз ару әйел,

Табынып ер кімдермен,тал асады.

Өрімтал,көркем сұлу мүсін,

Көргенде қайран қап,күйуің шын.

Мың ақын жырласа,тіл жетпейтін,

Бұл қыздар жаралған тек

Бұл қыздар жаралған тек,сүйу үшін.

Қана алмас құмарың, қарасаң да,

Сұлуға ынтық сұңғақ, аласаң да.

Жердегі аруға жетер емес,

Аспанның мың жұлдызын,баласаң да

Жүздірер жүректі нұрлы үмітте,

Басыңа қоятын мұңды үйіп те.

Қиял мен жұмбақтан жаратылған.

Қыз ару қалар мәңгі,

Қыз ару қалар мәңгі,сол биікте.

Шалқытып шаңырағын тамашаның,

Бақытын от басының,жар ашады.

Тірліктің түп мәні ұрпақ деген,

Аруға ана болу жарасады.

Көктегі ай күндей дара тұлға,

Қыз десе дүние дала тұнған.

Қазақтың намысы,ару қыздар,

Мәңгі өлмес арман жырдан,

Мәңгі өлмес арман жырдан

жаратылған.

Көктегі ай күндей дара тұлға,

Қыз десе дүние дала тұнған.

Қазақтың намысы,ару қыздар,

Мәңгі өлмес арман жырдан,

Мәңгі өлмес арман жырдан

жаратылған.

бұл қыздар жаралған тек

бұл қыздар жаралған тек сүйеу үшін

Selengkapnya dari KZ MAKE

Lihat semualogo