Дос-жаранмен түсінісіп
Жарастым ба білмеймін
Құпиясын дүниенің
Жаңа аштым ба білмеймін
Өмір деген қалың орман
Адастым ба білмеймін
Өмір түгіл өзімді де білмеймін
Сені ойласам төзімді де білмеймін
Бір білерім сені сүйген екенмін
Сені мәңгі аялаумен-оу өтермін
Тәңірімнен kуат бер деп
Сұрадым ба білмеймін
Жан түсінбей жүрегімді
Жыладым ба білмеймін
Сан сүрініп тіршілікте
Құладым ба білмеймін
Өмір түгіл өзімді де білмеймін
Сені ойласам төзімді де білмеймін
Бір білерім сені сүйген екенмін
Сені мәңгі аялаумен-оу
Өмір түгіл өзімді де білмеймін
Сені ойласам төзімді де білмеймін
Бір білерім сені сүйген екенмін
Сені мәңгі аялаумен-оу өтермін
Ғашық дертті махабаттан
Нәр алдым ба білмеймін
Дүниеге жұмбақ болып
Жаралдым ба білмеймін
Бар ма жоқ па бақытымды
Таба алдым ба білмеймін