menu-iconlogo
huatong
huatong
Lirik
Rekaman
Біз жолыққанда бұл уақыт тоқтамай өткен

Біз қоштасқанда сағатым соқпадай көптен

Жүрегің қалай мені айтшы жоқтамай кеткен

Көзімде менің үзілмес үміт тұрады

Жанардан басқа сол күйді кім ұқтырады

Бір күні бәрін уақыт та ұмыттырады

Ұмытпа, ұмытпа, ұмытпа

Ұмытпа, өтінем ұмытпа

Аяса мезгіл бақытсыз бізді бақылап

Шыңдайды тағдыр жанымды жүз жылатып ап

Күдерін үзсе құлайды күзгі жапырақ

Құстар қайтқанда мен күтіп елеңдеуші едім

Құстармен бірге бақ боп келем деуші едің

Жылдармен жылжып қалайша көнерген сезім

Ұмытпа, ұмытпа, ұмытпа

Ұмытпа, өтінем ұмытпа

Музыка

Ғашықтың мәңгі бірге үміт арманы

Сен ұмытпашы күнім ұмытар бәрі

Ұмытпа, ұмытпа, ұмытпа

Ұмытпа, өтінем ұмытпа

Selengkapnya dari Нұрым Қуаныш

Lihat semualogo
Ұмытпа oleh Нұрым Қуаныш - Lirik & Cover