Әке-асқарым
Аласармас асқағым
Өзің барда әкетайым
Арайлашы аспаным
Әкем-тірегім
Сен деп соғар жүрегім
Бауыр етің балаң үшін
Мейірімді жүрегің
Әке таудан ескен самалдайын
Әке алынбайтын қамалдайын
Әке сендей биік таба алмаймын
Әке-әке
Әке жанымдағы жан алыбым
Әке үлгі маған даналығың
Әке қарашығы жанарымның
Әке-әке
Өмір сынағын
Өткерсең де шыдадың
Ұл-қызыңа шексіз бақыт
Тек тәңірден сұрадың
Тағдыр кештің бе?
Көрсетпедің ешкімге
Сенің қадір-қасиетіңді
Түсініппін кеш мүлде
Әке таудан ескен самалдайын
Әке алынбайтын қамалдайын
Әке сендей биік таба алмаймын
Әке-әке
Әке жанымдағы жан алыбым
Әке үлгі маған даналығың
Әке қарашығы жанарымның
Әке-әке
Әке таудан ескен самалдайын
Әке алынбайтын қамалдайын
Әке сендей биік таба алмаймын
Әке жанымдағы жан алыбым
Әке үлгі маған даналығың
Әке қарашығы жанарымның
Әке-әке
Әке қарашығы жанарымның
Әке-әке