Гүл бейнеңнен сенің көз алмадым арай бағым
Түнде түсте, күндіз өзің жайлы көп ойладым
Алып ұшқан жүрек сағыныштан өртенердей
Оралар деп жаным жолыңа әркез қарайладым
Жаз дидарың жайнаған
Көзіңнен нұр таймаған
Жайнаушы еді өзіңмен
Гүлге толы айналам
Бар тілегім, жүрегім
Сен деп қана ойланам
Алтын арай таңымда
Бақытымсың, бағымда
Жанымның бар бақыты
Болшы мәңгі жанымда менің
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым
Сезім бағын аралап әнім, асылым
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым
Қайда жүрсің сен
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым
Сезім бағын аралап әнім, асылым
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым
Қайда жүрсің сен
Жаз дидарың жайнаған
Көзіңнен нұр таймаған
Жайнаушы еді өзіңмен
Гүлге толы айналам
Бар тілегім, жүрегім
Сен деп қана ойланам
Алтын арай таңымда
Бақытымсың, бағымда
Жанымның бар бақыты
Болшы мәңгі жанымда менің
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым
Сезім бағын аралап әнім, асылым
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым
Қайда жүрсің сен
Жүрегімді жаралап кеттің ғашығым
Сезім бағын аралап әнім, асылым
Өзіңді ойлап теңіздей тулап тасыдым
Қайда жүрсің сен