Зымырап күндерім
Өтерін білмедім
Не деген жүйрік уақыт
Мазасыз түндерім
Өтерін білмедім
Сезімді сенім уатып
Қайырмасы:
Қарашы маған наздана...
Бізбенен бірге мәз дала!
Жадырап жүрейік, біз бірге күлейік,
Онсыз да ғұмыр аз ғана...
Сен нәзік гүл ме едің
Мен қалай білмедім
Сырынды неге ашпадың
Төгілген нұр ма едің
Мен де оны білмедім
Сағым күн неге қас-қағым
Қайырмасы:
Қарашы маған наздана...
Бізбенен бірге мәз дала!
Жадырап жүрейік, біз бірге күлейік,
Онсыз да ғұмыр аз ғана...
Мен үшін бір меңің
Қымбатын білмедім
Жастықпен жүріп алысып
Өзіңмен күндерім
Өтіпті білмедім
Жылдар мен жылдар жарысып
Қайырмасы:
Қарашы маған наздана...
Бізбенен бірге мәз дала!
Жадырап жүрейік, біз бірге күлейік,
Онсыз да ғұмыр аз ғана...
Қарашы маған наздана...
Бізбенен бірге мәз дала!
Жадырап жүрейік, біз бірге күлейік,
Онсыз да ғұмыр аз ғана...