Тарих айтар түртіп қалсаң тасын да
Асулардан қанат қаққан асуға
Менің елім, мұрагері - сақ пен ғұн,
Аңыз болған ғасырлардан ғасырға-ай
Бабаларым болашақты ойлаған
Балалары ат үстінде ойнаған
Менің жерім - шекарасы ерліктің,
Ақ найзаның ұшыменен қорғаған
Бұл - біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл - біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!
Бұл - біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелі
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!
Тәнім - мұран, жырым - нөсер жауындай
Алға қадам басып жүрміз жаңылмай
Менің тілім - тілі Ұлы Абайдың,
Адамзаттың бәрін сүйген бауырдай
Аламанда арғымағым бабында
Алаш ұлы көш бастайтын жағында
Менің ұлтым - тектіліктің символы
Бас иетін қасиетті қанында-ай
Бұл - біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл - біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!
Бұл - біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелі
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!
Көк түріктің ұрпағымыз айбарлы
Көк бөрінің намысы бар қайраулы
Көк туымыз көкпенен тұр таласып
Көптің үйі ақиқатқа айналды-еу
Алатаудың биігінде асқағын
Қаратауға қарашы бір қас-қағым
Біздің дала, біздің қала, біздің жер,
Біздің уақыт келді, замандастарым!
Бұл - біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл - біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!
Бұл - біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелі
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!
Бұл - біздің жер! Тәуелсізбін, азатпын
Бұл - біздің жер! Төккен нұрын ғажап күн
Шығыс-батыс, оңтүстік пен солтүстік
Теңдесі жоқ бар байлығы қазақтың!
Бұл - біздің жер! Тамыр жайған тереңге
Жұмақ мекен, қайсар мінез өрелі
Мың өлдік те, мың тірілдік қайтадан
Рухы мықты қандай ел бар әлемде-еу?!