Сенің мінезің жаным менің өте алмас қамалым,
Ұрысып қалсақ болғаны «арыз» жазам деп қорқытасың.
Көп сөздің жоқ пайдасы бәрібір қасымда қаласың
Жүрек талап етеді, себебі...
Іздеп сені тағы да,
Әсем қаланы аралайм.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім.
Сүйген жүрек сағынып,
Бір өзің деп ән салад.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім ооуу.
Болды тоқтат! Жетеді бүгінге ұрыс, сенікі дұрыс емес,
Сонда да қоймайсың кетемін деп, есікке елеңдеп,
Сені жек көрем деп шығып кетесіңде отрасың мені күтіп.
Ал мен әдейі бармаймын артыңнан жаным себебі
Маған ұнайды сенің қызғанып жынданғаның.
Менің ерке ботақаным тек өзіңді сағынамын,
Бастысы қарным ашқанда өзіңе асығамын.
Әрине қалжыңдадым оны өзіңде білесің,
Қанша қателік кетседе, өзімді түсінесің.
Мұңайып күрсінесің, қабағыңды да түйесің
Бірақ, сонда да жалғыз өзімді сүйесің.
Бердім өзіңе орынды жүректің түбіндегі,
Маған керегі - тек сенің күлімдегенің,
Уайымдамайсың білемін біздің ұрысты келесі
Себебі білесің...
Іздеп сені тағы да,
Әсем қаланы аралайм.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім.
Сүйген жүрек сағынып,
Бір өзің деп ән салад.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім.
Бейбітшілік қажет, жапшы жаным ауызды!
Дөрекі естілді ме? Қаламаймын хаусты!
Күлесің! Ал менің жүйкем ұрысқа шыдамайды,
Менің соққыма тек қана «Геннадий» құламайды.
Жо-жоқ, жаным, сені қорқытып жатқаным жоқ,
Араға қоймашы блок!
Білемін нашар әзілдерім, менде еш өзгермедім,
Десекте сенің әрбір сөздерің маған жаудырған оқтаай.
Сені қатты сағынамын,
Бірақ кездескенде қалауың - менің саған бағынғаным.
Екі түрлі мінез, сенікі қатігез,
Десекте осы сөзді өзіме қайтарасың тез!
Бәлкім жанымыз егіз, берілмейтін қамалдай,
Түбіне жетпес теңіздегі бір жан жоқ аралдай...
Іздеп сені тағы да,
Әсем қаланы аралайм.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім.
Сүйген жүрек сағынып,
Бір өзің деп ән салад.
Қайдасың менің еркешім?
Сұраймын сенен кешірім ооуу.