menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Сүйгеніңді бағала

Ереке Татулыкhuatong
៚𝙴𝚛𝚖𝚎𝚔ツ.huatong
歌詞
レコーディング
Әрбір жанның жүрегінде

Бар өзіннің арманы

Әрбір жанның сол арманы

Қиындыққа салмалы

Шын сүйгенге сүйемін деп

Айту қиын сөзімен

Сезсе шіркін сол бір жанның

Мөлдіреген көзінен

Шын сүйгенге сүйемін деп

Айту қиын сөзімен

Сезсе шіркін сол бір жанның

Мөлдіреген көзінен

Теңеймін мен ғашықтарды

Айдындағы аққуға

Эй, аққулар сүйген жарды

Бағалай біл бақ қума

Айырылған сүйгенінен

Өте қиын білемін

Ғашықтарға бақыт тіледім

Айналамыз гүлденетін

Нөсер төккен шақтарда

Ғашықтардың жұлдызы бар

Шығатұғын ақтаңда

Эй, ғашықтар соны күтіп

Бар сырыңды ақтарда

Сол арада уәделескін

Айдың куә бақтарда

Эй, ғашықтар соны күтіп

Бар сырыңды ақтарда

Сол арада уәделескін

Айдың куә бақтарда

Теңеймін мен ғашықтарды

Айдындағы аққуға

Эй, аққулар сүйген жанды

Бағалай біл бақ қума

Айырылған сүйгенінен

Өте қиын білемін

Ғашықтарға бақыт тіледім

Дөңгеленген мына өмір

Махаббаттан жаралған

Ғашықтар бар түсініспей

Сезімге оқ қадалған

Эй, ғашықтар құлпырыңдар

Сүйгеніңді бағала

Гүлденіңдер көктемдей боп

Күн шуақтан нәр алған

Теңеймін мен ғашықтарды

Айдындағы аққуға

Эй, аққулар сүйген жарды

Бағалай біл бақ қума

Айырылған сүйгенінен

Өте қиын білемін

Ғашықтарға бақыт тіледім

Ғашықтарға бақыт тіледім

Ереке Татулыкの他の作品

総て見るlogo