Шынарым мен туралы
Қай жұлдыздан сұрадың
Сұрағым көп саған деген сұрағым
Арамызды алыстатқан
Сағынышпен қол ұстатқан
Жұмыр жерде, қандай мекен тұрағым
Өзге жанға естілмейді
Кештім жаным, кештім дейді
Менің мәңгі таусылмайтын жыр әнім
Өзге жанға естілмейді
Кештім жаным, кештім дейді
Менің мәңгі таусылмайтын жыр әнім
Шынарым, сұрағым көп
Тағдырыма сұрағым
Неге сүйдім, неге саған ұнадым
Бола алмайтын мәңгі бірге
Ұқсасақта ай мен күнге
Сөндірмейік махаббаттың шырағын
Берген сертті тастай алмай
Жаңа өмір бастай алмай
От боп жанған құшағыңа құладым
Өзге жанға естілмейді
Кештім жаным, кештім дейді
Менің мәңгі таусылмайтын жыр әнім
Берген сертті тастай алмай
Жаңа өмір бастай алмай
От боп жанған құшағыңа құладым
Өзге жанға естілмейді
Кештім жаным, кештім дейді
Менің мәңгі таусылмайтын жыр әнім
Менің мәңгі таусылмайтын жыр әнім