menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Ер жеттім Әке

Райымбек Нысанбекhuatong
62170454398huatong
歌詞
収録
Ойланып кеттім ағарған шашын көрдім де,

Балалықпенен байқамаппын-ау мен мүлде...

Өмірге сонда жастығын ұрлап жүзінің,

Қап-қара шашын ағарту үшін келдім бе?

Ер жеттім Әке, сенімің енді ақталар,

Боламын балаң әркімге ертең мақтанар.

Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,

Бір күні сенің басыңа қонған бақ болар.

Қиналар іштей өзімен өзі күрсініп,

Қажытты білем бітпейтін күйбең тіршілік.

Мен жаққа кейде үмітпен қарап қояды,

Өскенде жеміс жегізеді ме деп бұл шыбық.

Өмірде мынау өзіңсің жалғыз тірегім,

Шытсаң да қабақ көңілің жылы білемін.

Бақытты жанмын, себебі сендей әкем бар,

Сен болсаң әке - әкесіз өскен ұл едің...

Түсінем бәрін асқар тау болу оңай ма,

Мұң кешіп талай шомылдың үнсіз жиі ойға.

Ақылың - айна бойымды түзеп тұратын,

Қайтемін әке шаң басып қалса сол айна!

Ер жеттім Әке, сенімің енді ақталар,

Боламын балаң әркімге ертең мақтанар.

Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,

Бір күні сенің басыңа қонған бақ болар.

Бүгінгі уайым, бүгінгі қайғың болған ұл,

Бір күні сенің басыңа қонған бақ болар...

Райымбек Нысанбекの他の作品

総て見るlogo