"Еділ мен Жайық"
Құлпырады дала, гүлдейді орман,
Емізеді егіз Еділ мен Жайық.
Ақ шағала айдын, ақталған арман,
Тербетеді кеме, ойнайды қайық
ойнайды қайық.
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Еділ мен Жайық!
Шырқалады әндер, жан жүрек іңкәр,
Сырқылдайды сұлу Еділ мен Жайық.
Әуелейді адам, самғайды сұңқар,
Шығандарға, шыңға қанатын жайып
қанатын жайып.
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Еділ мен Жайық!
А-а-а!
Ағады шалқып,
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Еділ мен Жайық!
Аққулары қалқып,
Еділ мен Жайық!
Еділ мен Жайық!
[by ELRO]