menu-iconlogo
huatong
huatong
가사
기록
¹ Жаратқан сені бізге тым ерекше сый қылып берді

Өзіңмен бірге несібе, берекең үйіліп келді

Бақытым, байлық, жалғыз өзің ғана жүрегімдегі

Қарашығым, көзімдегі

Сен келіп жақсылық толып біздің өмір өзгерді

Ата-ана бақыты, бөледің сезімдерге бізді

Осының бәрін әнге салып айтар кезі келді

Бар асылым, қызым менің

Үйге береке боп келдің,

Үйге мереке боп ендің,

Күнім қызым менің.

Болмасыншы уайым-қайғың,

Әкең сені уайымдайды,

Ақылды бол айым,

Ақылды бол айым.

² Түн ұйқы төртке бөлдік сенің тыныш ұйқыңды қалап

Үйретті бізге жанашырлықты бір өзіңе қарап

Сезім ұлғайды және арадағы жылы махаббат

Бақытымыз, сенсің, қымбат

Үйге береке боп келдің,

Үйге мереке боп ендің,

Күнім қызым менің.

Болмасыншы уайым-қайғың,

Әкең сені уайымдайды,

Ақылды бол айым,

Ақылды бол айым...

[TME_24]

Еркеш Хасен의 다른 작품

모두 보기logo