menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қайтар жүрегімді (Qaıtar júregimdi)

Keshyouhuatong
_𝐍𝐔𝐑𝐀𝐈_✨𝐋𝐔𝐗huatong
가사
기록
Қош бол өкінбеймін, қоштасу да заңдылық,

Жанымда қал деп өтінбеймін, ештеңе жоқ өмірде мәңгілік,

Сүйіп сеніп едім, ал сен болсаң алдадың,

Иесі бол деп беріп едім, жүрегімді бағалай алмадың,

Бәрібір жоқ пәк сезімнен белгі,

Қайтарып бер оны өзіме енды...

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар гүлдерімді жайқалмаған,

Үмітімді басқа жанға қия алмаймын

Деп айта алмаған...

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар уақытымды байқалмаған,

Сезімімді тұнық менің саған дейін, (жаным)

Бір шайқалмаған...

Бекер айыптама,

Таңдадым деп жол бөлек.

Кей - кейде қағаз қайыққа да,

Тербетіп тұратын бір көл керек...

Саған қону қиын,

Сүйген жанның қолына...

Ал маған тұтқын болу қиын,

Сезімсіз құшағыңның торына.

Бұл өткелден аттап өте алмаймын

Жүрегімді тастап кете алмаймын

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар гүлдерімді жайқалмаған,

Үмітімді басқа жанға қия алмаймын

Деп айта алмаған...

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар уақытымды байқалмаған,

Сезімімді тұнық менің саған дейін,

Бір шайқалмаған...

Бәрібір жоқ пәк сезімнен белгі

Қайтарып бер оны өзіме енді...

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар гүлдерімді жайқалмаған,

Үмітімді басқа жанға қия алмаймын

Деп айта алмаған...

Қайтар жүрегімді, қайтар маған,

Қайтар уақытымды байқалмаған,

Сезімімді тұнық менің саған дейін,

Бір шайқалмаған...

Keshyou의 다른 작품

모두 보기logo