menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Ақ Шағала

Саят Медеуов/Ақбота Керімбековаhuatong
➳ᴹᴿ👑𝘽𝘼𝙆𝙀🎩.huatong
가사
기록
Ақ шағала Саят & Ақбота

Дір-дір етіп бала денең

Назды үнің-ай аға деген

жалғыз күтіп тұрмын сені

Жалғыз бүтін жағада мен

Көз жасындай көктен жұлдыз

Көкжиеке тамады әрең

Қоштасарда қолың бұлғай

Қимастықпен қараған ең

Ұя салдың жағаға қай

Менің әппақ шағалам ай

Мен сенің жанарыңнан жасқанамын

Қанатын қаға алмады аспан әнім

Жол жаққа жаутаң-жаутаң қараймын тек

Қалмады қайтем менің басқа амалым

Жол жаққа жаутаң-жаутаң қараймын тек

Қалмады қайтем аға басқа амалым

Адамбыз ғой кінәлағыш

Айыпты да тағар оңай

Кеттің неге жырақ алыс

Кеттің неге ағаламай

Мен таяздық таныттым ба

Бақытымды бағаламай

Бұл қоштасу қайбір жаным

Тиді дейсің маған оңай

Ұя салдың жағаға қай

Менің әппақ шағалам ай

Сыры көп айтары аз қыз баланың

Жазықсыз жүрегімнің үзбе бағын

Жат түгіл жанарыңда күлкі ойнаған

Мен сені өзімнен де қызғанамын

Жат түгіл жанарыңда күлкі ойнаған

Мен сені өзімнен де қызғанамын

Көз жасындай көктен жұлдыз

Көкжиектен тамады әрең

Қоштасарда қолың бұлғай

Қимастықпен қараған ең

Ұя салдың жағаға қай

Менің әппақ шағалам ай

Ұя салдың жағаға қай

Менің әппақ шағалам ай

Саят Медеуов/Ақбота Керімбекова의 다른 작품

모두 보기logo