Әкем Анашым
Сендерсіңдер мәңгі қолдаған
Көрсеткен дәйім
Бұл өмірде тура жол маған
Балам деп барын
Бағам деп жаның қиналған
Қабыл алыңдар
Алғысымды әнмен жолдаған
Әкем айбыным Анам ай күнім
Көрмеңдерші сендер қайғы мұң
Қос шынарымсың Қос шырағымсың
Бойымдағы қос тұмарымсың
Әкем Анашым
Жанарымның ақ пен қарасы
Сүрінсем жазған
Дұғасымен жанның жарасын
Балам деп бағым
Балам деп барын жинаған
Қазыналарым
Көктен биік сендер дара шың
Әкем айбыным Анам ай күнім
Көрмеңдерші сендер қайғы мұң
Қос шынарымсың Қос шырағымсың
Бойымдағы қос тұмарымсың
Музыка
Әкем айбыным Анам ай күнім
Көрмеңдерші сендер қайғы мұң
Қос шынарымсың Қос шырағымсың
Бойымдағы қос тұмарымсың
Бойымдағы қос тұмарымсың