menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Қос жалғыздық Бони

Тоқтар Серіковhuatong
✰͜͡♪᭄🔹𝓑𝓞𝓝𝓘🔹✰͜͡♪᭄huatong
가사
기록
Мені өзіндей ұғады деп сенген қыз,

Жаралыппыз жалғыздықтан жерден біз.

Бұл ғұмырға бірімізді-біріміз

Көріп кету үшін ғана келгенбіз.

Бұл ғұмырға бірімізді-біріміз

Көріп кету үшін ғана келгенбіз.

Өтпек бәрі, сен де өтесің, өтем мен,

Бұл шындыққа күллі әлемнің еті өлген.

Кешеріміз кешірімі жоқ өткел,

Сыбағамыз тұз аралас шекерден.

Кешеріміз кешірімі жоқ өткел,

Сыбағамыз тұз аралас шекерден.

Кеудемдегі бозторғайдың үнімен,

Күбірлеймін күнде ішімнен мұнымен.

Екеу ара бір жалғыздық, қос ғұмыр,

Басы бүтін бақыт шығар шынымен.

Екеу ара бір жалғыздық, қос ғұмыр,

Басы бүтін бақыт шығар шынымен.

Өле сүйіп өміріме енген қыз,

Жүзім – көктем, сөзім – шәрбат, кеудем – күз.

Бұл ғұмырға бірімізді-біріміз

Жалғыздықтан құтқаруға келгенбіз.

Бұл ғұмырға бірімізді-біріміз

Жалғыздықтан құтқаруға келгенбіз.

Бұл ғұмырға бірімізді-біріміз

Жалғыздықтан құтқаруға келгенбіз.

Жалғыздықтан құтқаруға келгенбіз.

Тоқтар Серіков의 다른 작품

모두 보기logo