menu-iconlogo
huatong
huatong
avatar

Айлы түн (Sontilek)

#Sontilekhuatong
✯🃏𝑫𝒛𝒉𝒆𝒚𝒓𝒖𝒏•🇰🇿✯huatong
Lirik
Rakaman
Айлы түнді паналап,

Сырласады ғашықтар.

Күә болып жасыл бақ,

Қыдырады асықпай.

Тұр екеуі үнсіз ғана,

Құшағында арманның.

Сезбейді олар,мұнсыз жаны,

Таңның да атып қалғаның.

Сезбейді олар,мұңсыз жаны,

Таңның да атып қалғаның.

Қол ұстасып екеумізде,

Жүрек сырын шертейік.

Бірге ғұмыр кешеміз бе?!

Көңіл жүрсін көркейіп.

Бірге ғұмыр кешеміз бе?!

Көңіл жүрсін көркейіп.

Жұлдызбенен өрнектелген,

Қоңыр салқын түн қандай?!

Ғашықтарды жер көкпенен,

Әлем тыңдап тұрғандай.

Тұр екеуі үнсіз ғана,

Құшағында арманның.

Сезбейді олар мұңсыз жаны,

Таңның да атып қалғаның.

Сезбейді олар мұңсыз жаны,

Таңның да атып қалғанын.

Сағынысқан ғашықтардай,

Бау-бақшаға барайық.

Бір бақытқа асыққандай,

Таңды қарсы алайық!

Бір бақытқа асыққандай,

Таңды қарсы алайық!...

Бір бақытқа асыққандай,

Таңды қарсы алайық!..

Lebih Daripada #Sontilek

Lihat semualogo